Нейродидактикалық контент

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ИРН AP19680117 «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент әзірлеу» ғылыми жобасын іске асыруға бағытталады.

Brain Neural Network
💡

Нейродидактикалық контент дегеніміз не?

Нейродидактикалық контент – оқушылардың миының қалай жұмыс істейтінін ескеретін және ми құрылымдары мен психологиялық процестерге негізделген оқыту материалдары мен стратегияларының жиынтығы. Бұл контент балалардың когнитивтік қабілеттерін дамытуға бағытталған және қазіргі таңда білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Қазіргі зерттеулерге сүйенсек, нейродидактикалық контент оқушылардың танымдық және эмоционалдық дамуына ықпал етеді. Оқушылардың миының жарты шарлары арасындағы байланыс пен белсенділік тепе-теңдігін қалпына келтіру арқылы интеллектілерін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент (тапсырмалар) әзірленді. Ол «Нейрожаттығулар» элективті курсының оқу бағдарламасының мазмұнын құраушы 8 бөлімнің оқу мақсаттарын жүзеге асыруда қолданылады. Олар: • Нейродидактикаға кіріспе • Сау миға арналған салауатты әдеттер • Координациялық жаттығулар • Өзін-өзі басқаруға үйрету • Зейінді шоғырдандыруға арналған нейродидактикалық жаттығулар • Жадты жақсартуға арналған жаттығулар • Ойлауды дамытуға арналған нейродидактикалық ойындар • Сөйлеу дағдысын дамытуға арналған нейродидактикалық жаттығулар Нейродидактикалық контентті бастауыш сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімдері, болашақ бастауыш білім педагогтері қолдануына болады. Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуда оқу тапсырмалары ерекше рөл атқарады. Дұрыс құрастырылған тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау операцияларын (талдау, салыстыру, жалпылау, қорытындылау) белсендіреді. Мұндай тапсырмалар баланың зейінін шоғырландыруға, есте сақтау қабілетін дамытуға, логикалық және шығармашылық ойлауға ықпал етеді. Интеллектіні дамытуға бағытталған тапсырмалар оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, өз бетінше шешім қабылдау, рефлексия жасау және алған білімін жаңа жағдайда қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар нейродидактикалық тұрғыда мұндай тапсырмалар мидың әртүрлі аймақтарының өзара байланысын күшейтіп, когнитивтік процестердің біртұтас жұмысын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта жоғарыдағы ұяшықтарда арнайы әзірленген тапсырмаларды орналастырдық. Олар learningapps.com, wordwall.net, gemini.google.com, youtube.com, canva.site секілді онлайн платформаларда әзірленген.